Оралда сарбаз өз-өзіне оқ атып, көз жұмды
Оралда мерзімді әскери қызметші өзін-өзі атып тастады. Қайғылы оқиға 16 маусым күні таңертең болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Сарбаз қаладағы түзеу мекемелерінің бірінде күзетте болған. Ол ауыр жағдайда облыстық ауруханаға жеткізілді. Артынша сарбаз жансақтау бөлімінде көз жұмды.
"Қару-жарақпен күзетте тұрған қарапайым сарбаз өзіне-өзі оқ атқан. Сарбаз жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жіберілді. Дәрігерлердің күш салуына қарамастан, сарбазды құтқару мүмкін болмады. Қазіргі уақытта гарнизонның тергеу органдары тергеу шараларын жүргізуде", – дейді әскери бөлім командирінің орынбасары Жәнібек Сәрсенов.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"