Оралда пара алғаны үшін полиция басқармасы басшысының орынбасары ұсталды
Жедел іс-шаралары барысында Орал қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары пара алып жатқан жерінде ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы (Пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Ішкі істер министрлігі лауазымы мен шеніне қарамастан полицейлер тарапынан пара алу және азаматтардың құқықтарын бұзу фактілерінің жолын кесуді әрі қарай да қатаң түрде жүргізеді. Мұндай жағдай адал полиция қызметкерлерінің абыройына кері әсер етуде. Пара алушыларды анықтау жалғасады", – деді ІІМ басшысы Арман Саданов.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"