Оралда Lexus көлігінің жолаушысы полицейлерден қашамын деп үйге соқтығысып мерт болды
Оралда 20 қаңтарда таңғы сағат 5:20-да патрульдік полиция қызметкерлері Lexus - 570 көлігін тоқтатқан. Алайда қызметкерлерден қашуды шешкен жүргізуші Исатай-Махамбет көшесіндегі үйге соқтығысып, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” порталына сілтеме жасап.

Қашып құтылмақ болған жүргізуші газ құбыры мен екі электр бағанасын бұзып, Исатай-Махамбет көшесіндегі үйге соқтығысқан.
“Оқиға салдарынан Lexus көлігін тізгіндеген ер адам оқиға орнында көз жұмды", - деп хабарлады ведомстводан.
Оқиға барысында көлік үйдің бір бөлігін қиратып, залдың қабырғасы опырылған. Үй иесі көлікті кім жүргізгенін білмегенін және апат кезінде үйде әкесінен басқалардың бәрі ұйықтап жатқанын айтты.
“Үйде мен, әкем, ағам және қызым болды. Біз бөлмеде жаттық. Ал әкем дәл сол кезде залда болған. Дегенмен, құдай сақтап жарақат алмады",- деді үй иесі.
Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі 8 ай өткен соң қайта шаңырақ көтерді
Желі қолданушылардың бірі Зейнел Әділеттің жаңа әйелі марқұмның жақын араласқан құрбысы екенін айтады
"300 мың теңге артық шығарған": Fortebank өз автокассасының кінәсінен қазақстандықтың шотын бұғаттап тастады
Желі қолданушысы банк қателігінен болған жайт үшін неге қиналуы керек екеніне шамданды