Оралда қарулы қылмыскерді ұстаған сәт видеоға түсіп қалды
Оралда криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қарулы күдіктіні ұстады. Күдікті қылмыскерді ұстаған сәтті куәгерлер видеоға түсірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде арнайы жедел әрекет ету бөлімінің қызметкерлері бұзақылық жасады деген күдіктіні ұстағаны туралы видео пайда болды. Екі адамды Chrysler көлігінен шығарып, жерге жатқызды.
Полиция департаменті бұл фактіні растады.
"Бірінші сәуір күні сағат 16:30 шамасында Оралдағы Исатай-Махамбет көшесінде полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 33 жастағы ер адамды ұстады. Ол Орал аумағында бұзақылық әрекеттер жасады деген күдікке ілінді. Бұл факт осы жылдың ақпан айында тіркелді. Көлікті тексеру барысында тапанша мен үш пышақ тәрізді зат табылды.Дәлелдер сараптамаға жіберілді. Екінші ер адам заңсыз әрекеттерге қатыспады және оны босатты", - деді БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
