Оралда ер адамдар қабырғадағы тесік арқылы әйелдер түрмесіне кірген
Оралдағы тергеу изоляторында тұтқындар қабырғадағы үлкен саңылау арқылы әйелдер камерасына өткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Мой Город басылымына сілтеме жасап.

Оралдағы №74 уақытша ұстау изоляторынан түсірілген бейнежазба жарияланды. Бейнежазбада ер адамның қабырғадағы саңылаудан басқа камераға өткенін көруге болады. Бейнежазба авторы сотталғандар ескі ғимараттың қабырғасынан осылай саңылау жасап алып, әйелдер камерасына кіретінін айтады.
"Басшылық тарапынан бақылау мүлдем жоқ. Қашқандар осылай қашады. Министр мырза, қандай да бір шаралар қабылдаңыз", – делінген жазбада.
Батыс Қазақстан облысытық ҚАЖД баспасөз қызметі бұл оқиға бойынша қызметтік тергеу жүргізілгенін мәлімдеді.
Айта кетейік, Оралдағы бұл тергеу изоляторы 1858 жылы ІІ Екатерина патшайымның бұйрығымен салынған және қазіргі уақытта қаладағы апатты жағдайдағы ғимараттардың біріне жатады.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"