Оралда екі жігіт дүкенді тонаған сәт камераға түсіп қалды (видео)
Орал қаласының орталығында бетперде киген екі жігіт азық-түлік дүкеніне баса көктеп кіріп, сатушыны пышақпен қорқытып, кассадағы ақшаны алып кетті.

Бұл туралы “Уральская неделя” басылымы жазды.
Оқиға 1 қараша күні шамамен сағат 17:30-да болды. Қылмыскерлердің бірі көп ұзамай ұсталды. Ол Зеленов ауданының 19 жастағы тұрғыны болып шықты.
Ұсталған жігіттен бетперде, ақша мен пышақ тәркіленіп алынды, ол уақытша ұстау абақтысына жабылды. Екінші қылмыскер іздестіріліп жатыр. Ол 20 жаста екені белгілі болды.
Жіберіп алмаңыз:
ШҚО-да экс-полицей адам өлтіргені үшін 15 жылға сотталды
Астаналық наркодиспансерде өлім: Дәрігерлер мен полицейлер марқұмның отбасынан кешірім сұрады
Шымкентте ашық қалған құдыққа құлаған бала өлім аузында жатыр
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"