Оралда балабақша тәрбиешісі балаларды бірнеше ай бойы ұрып келген
Оралда жекеменшік балабақшаның тәрбиешісі бірнеше ай бойы балаларды аямай ұрып келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.

Балалар тәрбиешінің озбырлығын айтып, шағымданғаннан кейін жекеменшік балабақша қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалыпты. Олар бірнеше ай бойы тәрбиешіден қорлық көріп келгенін жеткізіпті. Бұл әрекетін жария болмас үшін балабақша қызметкері бүлдіршіндерді қорқытып келген.
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты кейінірек түсініктеме беруге уәде берген көрінеді.
Айта кетсек, бұған дейін оқу-ағарту министрлігі мұндай жағдайлардың алдын алу үшін алдағы уақытта балабақшаларда лицензиялау жүргізілетінін мәлімдеген болатын.
"Көзқарастары ескі": Қазақстан мұғалімдерінің қартаюы білім жүйесін әлсіретіп отыр ма?
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады