Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда ауыл тұрғындарының қаламен қатынайтын жолын су басты (видео)

Оралда еріген су Ынтымақ ауылына апаратын автожолды басып кетті. Тұрғындар салдарынан қала байланыс қиындағанын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видео кадрларынан скрин

Елді-мекен Деркөл ауылына жатады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, оқиға 13 наурыз күні кешке болған. Осыған байланысты қаламен байланыс қиындаған.

Деркөл кентінің әкімшілігінің мәліметінше, жолдың шамамен 20-30 метріне зақым келген. Ал қалғаны өз қалпында. Қазір су құбыр арқылы тартылып жатыр.

“Ынтымақ ауылы Деркөл кентінен 15 шақырым жерде орналасқан. Онда 500-ден астам адам тұрады. Ауылмен байланысудың басқа жолдары болғандықтан, хабарлама үзілген жоқ. Зақымдалған жолды қалпына келтіру үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Қаражат бөлінген кезде бұл жол жөнделеді”, - деді Дерқұл кенті әкімінің орынбасары Роман Жұмиев.



Еске салсақ, былтыр еліміздің бірнеше облысы мен аймақтарында су тасқыны болып, тұрғындар баспаналары мен мал-мүкінен айырылған еді. Биыл 8 облыс су тасу қаупі жоғары аймақтар қатарына кіріп отыр. 

 

Талқылау