Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда 50 мың теңге пара алған экс-полицей 7 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелді

Оралда пара алды деген күдікпен қамауға алынған қалалық көші-қон полициясы басқармасы бөлімінің экс-бастығы Қанат Мұқановқа қатысты сот үкімі шықты. Экс-полицей сәуір айында 50 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін ұсталған еді. Іс Қылмыстық кодекстің 366-бабы ("Пара алу") бабы бойынша қаралды. Прокурор Мұқановты 4,5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап. 

Бүгін, бесінші қыркүйек күні судья Асқар Исмайлов Қанат Мұқановтың үкімін шығарды. Ол бойынша, Мұқанов кінәлі деп танылып, 8,7 млн теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Сондай-ақ, өмір бойы мемлекеттік қызметте істеу құқығынан айырылды. Сонымен қатар, 11 сәуірден 5 қыркүйекке дейін қамауда отырған күндері айыппұл ретінде есептелетіні айтылды (1 күн үшін 4 АЕК алып тасталады). Нәтижесінде айыппұл көлемі 1,7 млн теңгеге азайтылып, Мұқанов 7 млн теңге төлеуге міндеттелді. 

"Үкім заңдық күшіне енгенге дейін бұлтартпау шарасы ешқайда кетпеу туралы қолхатқа алмастырылсын және Мұқанов қамаудан шұғыл босатылсын", - деді Исмайлов. 



Сотталушы айыппұлды бір айдың ішінде төлеуі керек. Келісімді орындамаған жағдайда, үкім бас бостандығынан шектеуге ауыстырылады. 

Сонымен қатар, судья бұған дейін Мұқановтың полиция подполковнигі шенінен айырылғанын атап өтіп, мемлекет есебіне 50 мың теңге төлеуге міндеттеді.

Талқылау