Оралда 5 жасар бала тоғызыншы қабаттан құлап қаза тапты
Орал қаласында 5 жастағы бүлдіршін көпқабатты үйдің 9-шы қабатынан құлап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Органның мәліметінше, оқиға Д.Қонаев шағынауданындағы 9-қабатты үйде болған. Полицияға ақпарат бүгін сағат 13:20-да түскен.
Көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен 2015 жылғы бала оқиға орнында көз жұмды. Баланың демі үзілген кезде жедел жәрдем әлі келіп үлгермеген еді.
БҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, бала ата-анасының қарауынсыз қалған.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты