Оралда 13 жастағы қызды зорлаған сотталушылар сот үкімін аппеляцияға берді
5 маусым күні қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бес адамға қатысты үкім шығарды. Оның төртеуі кәмелет жасқа толмағандар. Сотталушылардың зорлықтан бөлек бұзақылық пен ұрлыққа қатысы бары анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: “Мой город”
Сот күдіктілердің бәрін кінәлі деп тапты. Кәмелет жасқа толмаған сотталушылар 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал қылмыс жасаған кезде 19 жаста болған Рүстем Меңдібеков қыз зорлағаны үшін 20 жылға сотталды. Сот отырысы жабық есік жағдайында өтті.
Сотталушылардың туыстары мен айыпталушылардың өздері жанжал шығарғандықтан, үкім жариялауды кейінге қалдыруға тура келді. Нәтижесінде судья Асланбек Дүйсенғалиев сот залында сотталушыласыз үкім шығарды. Ғимарат аумағын қоршалып, аймақты жылдам қимылдайтын жасақ күзетті.
“Сот шешімімен келіспеген айыпталушылар үкімді аппеляцияға берді. 24 маусымда іс облыстық сотқа жіберілді. Сот отырысының өтетін күні әлі белгісіз”, – делінген хабарламада.
Бұған дейін Оралда тоғызыншы сынып оқушылары емтихан тапсыратын күні 13 жастағы қызды топ болып зорлағаны туралы жазған едік.