Орал әкімі Шаған өзенінде ер адамды құтқарып қалған жасөспірімді марапаттады
Орал қаласының әкімі Мейіржан Сатқанов Шаған өзенінде ер адамды құтқарып қалған Данил Егузовты марапаттады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Уральская неделья басылымына сілтеме жасап.

Әкім Данил Егузовке алғыс хат пен ноутбук, ал анасына гүл сыйлап, ержүрек ұл тәрбилегені үшін рахмет айтты.
Мейіржан Сатқалиевтің сөзінше, Данилдің іс-әрекеті нағыз ерліктің үлгісі. Өзінің өмірін қатерге тіге отырып ол суға батқан ер адамды құтқаруға секірген.
Сонымен қатар қала басшысы Данилдің батылдығына ата-анасы берген тәрбие әсер еткенін атап өтті. Ол жасөспірімнің отбасына зор денсаулық пен табыс тіледі. Сондай-ақ әр уақытта бір-бірімізге көмектесуге тырысу керегін айтты.
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді