ОПЕК+ мұнай өндіруді қысқартуға келісті
12 сәуірде ОПЕК+ мұнай өндіруші елдері министрлерінің кезектен тыс отырысы өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бейнеконференция барысында энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Қазақстан, бұрынғыдай, әлемдік нарықта қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, сындарлы диалогты жақтайтынын және өз тарапынан мұнай өндіруді ұжымдық қысқартуға қатысуға дайын екенін мәлімдеді.
"ОПЕК+ елдерінің, сондай-ақ ОПЕК+ құрамына кірмейтін елдердің министрлік вебинарының қорытындысы бойынша 1 мамырдан бастап тәулігіне 9,7 миллион баррельге мұнай өндіруді екі айға қысқарту туралы келісімге қол қойылды. Қазақстан өз кезегінде келісімдегі консенсусты қолдады", - деді энергетика министрлігінде.
Бұған дейінгі видеоконференция нәтижесіз аяқталған еді.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді