Оңтүстік Кореядағы 500-ге жуық қазақстандық өздерін эвакуациялауды сұрады
Оңтүстік Кореяда жүрген қазақстандықтар елшіліктен Қазақстанға қайтаруды сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиевтің айтуынша, елшілікке Қазақстанға қайтуға ниетті 500-ге жуық адам өтініш білдірген.
"Эвакуация мәселесі әлі күнге дейін көкейкесті мәселе емес. Апта сайын рейстер жүзеге асырылады. Бізде кеңфюзеляжды борт бар, біз 700 жолаушыны Сеулден елге жеткізе аламыз", - деді ол.
Сонымен бірге, ол егер ЕАЭО азаматтарының біреуі қазақстандық тасымалдаушылардың бортына өтініш білдірсе, одан бас тартатынын атап өтті.
"Тек Қазақстан азаматтары ғана ", - деп жауап берді Берік Камалиев.
Айта кетейік, 1 наурыздан бастап Оңтүстік Кореяға рейстер саны аптасына тоғыздан үш рейске дейін қысқарды.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар