Оңтүстік Корея парламенті екінші рет дауыс беруден кейін президентке импичмент жариялады
Оңтүстік Корея парламенті президент импичментін қолдап, дауыс берді. Өткен аптада Юн сок Ель елде әскери жағдай енгізген еді. Елдегі басқарушы "Азаматтық күш" партиясының 204 депутаты "иә" деп дауыс берген. Бұған дейін 7 желтоқсанда партия импичмент жариялауға арналған дауыс беруге бойкот жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: AP Photo / Kim Hong-ji
Елдегі саяси дағдарыс желтоқсанда басталған. Басты себеп – президенттің елде әскери жағдай режимін енгізуі. Әскери жағдай енгізілген соң парламенттің 190 депутаты ғимаратқа кіріп, президент шешімін тоқтатуға дауыс берген.
Енді ел басшысына импичмент жарияланған соң, шешімді конституциялық сот қарайды. Істі қарау 6 айға дейін созылуы мүмкін.
Ал президент Юн Сок Ель өз әрекетін дұрыс емес деп бағаламайтынын айтып, бүлік бастағысы келді деген айыпты жоққа шығарды. Сондай-ақ отставкаға кету туралы ұсыныстарды елемей, соңына дейін күресетінін мәлімдеген.
"Маған импичмент жарияланса да, тергеуге алынсам да, соңына дейін әділ күрес жүргіземін", – деді Юн Сок Ель.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді