Онлайн-диктант нәтижелері: Ұтыс қашан болады?
24 мамырда Stan.kz сайтында өткен еліміздегі төртінші онлайн-диктанттың нәтижелері белгілі болды. Онлайн-диктантқа 12 473 адам қатысты. Біз ана тілін дамытуға үлес қосқаны үшін жазба жұмысының әрбір қатысушысы мен жобаның серіктестеріне алғыс білдіреміз!

Құрметті жазба жұмысының қатысушылары, онлайн-диктанттан 3, 4 және 5 деген баға алған барлық оқырман ұтысқа қатыса алады.
Ұтыс қайда және қашан өткізіледі?
Қатысушылар арасында ақшалай сыйлық ұтысы 27 мамырда сағат 13:00-де біздің Instagram парақшамызда тікелей эфирде өткізіледі.
Ұтыс қалай өткізіледі?
Диктантты 3, 4-ке және 5-ке жазған қатысушыларға реттік орны бойынша белгілі бір сан беріледі. Ұтыс иегерлері осы сандар арқылы арнайы бағдарлама арқылы кездейсоқ таңдалып алынады.
Барша қатысушыларға сәттілік!
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген