Онколог өкпе обырының негізгі симптомын атады
Медицина ғылымдарының докторы, ресейлік Михаил Давыдов өкпе обырының негізгі симптомын атады. Оның айтуынша, дауыстың себепсіз қарлығуы - қатерлі дерттің негізгі белгісі. Бұл туралы "Газета.Ru" басылымы хабарлады.

Фото: РИА Новости
Дәрігердің айтуынша, бұл симптом рак ісігі көмейдегі нервке қарай ұлғайғанда пайда болады.
"Бірақ бұл белгі ауру әбден асқынғанда пайда болады", – деді онколог. Ол аурудың өзге симптомдарына – жөтел мен демікпе жататынын айтты.
Давыдов өкпе обыры әлемдегі ең көп тараған дерт екенін айтты. Айтуынша, ол көбінесе 55 жастан асқан кісілерде болады. Ауруды дер кезінде анықтау үшін дәрігер өкпені компьютер томографиясына түсіріп тұруды сұрады.
Алматыдағы метро "Алтын Орда" базарына дейін созылатын болды
Әсіресе COVID-19-бен ауырып, тексерілмеген адамдарға тамографиядан өткен жөн.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды