Онколог мидағы қатерлі ісіктің алғашқы белгілерін атады
Онколог дәрігер Михаил Мяснянкин науқас қандай жағдайда шұғыл түрде медициналық көмекке жүгінуі керек екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дәрігердің сөзіне қарағанда, мидағы қатерлі ісіктің бірнеше түрі болуы мүмкін: бастапқы — мидың тіндерінде тікелей дамиды. Бұл жағдайда ауруды ерте сатысында тану қиынға соғады. Өйткені ол негізінен симптомсыз түрде дамиды.
"Ми ісігінің ең көп таралған симптомы - бас ауруы. Вестибулярлық функцияға жауап беретін органдар зақымданған кезде жазбаша тіл мен дыбысты айтуда ақаулар пайда бола бастайды, сөйлеу кезінде фразалар мен әріптер қалып қояды", — деп түсіндірді Мяснянкин.
Мұндай белгілер пайда болған кезде пациент шұғыл түрде дәрігермен кеңесуі керек. Сондай-ақ, тез шаршағыштық, бас айналу, жүрек айну, естен тану, құрысу, көру және есту қабілетінің нашарлауына назар аударған жөн.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"