Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өнер жұлдыздары эксклюзивті сұхбатын саудалауға көшкен бе?

Қалың көпшілік латын әліпбиіне көшу мәселесін қызу талқылап жатса, Гүлзира Айдарбекова өз ақиқатын дәделдеп әлек. Продюсер ханым, келіні Жұлдыз Абдукаримованың эксклюзивті сұхбатын ешқандай ақшаға саудаламаймын деді. Өзге өнер жұлдыздары мұндай ұсынысқа қалай қарайды?

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

“Сіздер де, сіздің артыңызда тұрған камера адамы біз сияқты адамдар, творчестволық адамдар. Сондықтан, оған ақша сұрап ондай істейтін бизнес емес. Сондықтан, дұрыс емес деп есептеймін. Мен өзім мүлде ақша сұрамаймын”, – дейді режиссер, клипмейкер Жеңісхан Момышев.

Жеңісханмен бірге кино саласының қазанында қайнап жүрген Гүлназ Жоланова, эксклюзивті сұхбатының бағасын төбеден алып қоя салмаймын дейді. Актриса, мұндайда нарыққа қарап бой түземек.

“Егер ондай мүмкіндік болып жатса, нарықтағы бағаға қарап болжамды жауап айтармын. Енді екі мың, үш мыңның көлемінде мүмкін”, – дейді актриса Гүлназ Жоланова.

Ал, мистерионстық Арман Қоңырбаев сұхбатты саудалау үшін, ең алдымен өнерде мықты болуымыз керек дейді.

“Ол жағын енді ойлап көрмедім. Әрине мен өзімді биік бағалаймын. Егер де, ондай болып жатса қымбаттың қатарында болатын шығармыз.  Енді ол дәрежеге өнер де өсу керек, бәрі өсу керек”, – дейді Арман Қоңырбаев.

Алайда, Арманның сүйіктісі Аша кереғар пікірде. Сылқым ерек жолмен ақша табуға мүлде қарсы емес. Тіпті, сұхбатының бағасын да белгілеп қойған..

“Енді егер де, сататын болсақ, мың доллардан кем түспес”, – дейді Аша Матай.

Ендеше, ауыз толтырып айтарлықтай экскюзивті жаңалықтарыңыз көп болсын!

Жіберіп алмаңыз:

Серікбол Сайлаубек бір тиын шығармастан сапалы бейнебаян түсіргенін айтып мақтанды (фото)

Бұрын-соңды болмаған кеш өткіземін: Өмірқұл Айниязовтың жеке концерті несімен ерекшеленбек?

Министрлік өкілі салық төлеуден жалтарып жүрген әншілердің есімін атады

Мақпал Жүнісова: Анам екінші рет тұрмысқа шығуыма қатаң түрде тыйым салды

Талқылау