Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Өнер қырандары» театрының басшысы Мадиярға әйелі естен кетпес тосынсый жасады (фото, видео)

Сатира әлемінде жұлдызы жанып, көрермен көзайымына айналған театрдың бірі де бірегейі «Өнер қырандары» пародия театры. Күні кеше ғана осы театрдың басшысы Мадияр Серікбаев 35 жасқа толды. Актердің жеке меншік мерекесіне орай театр ұжымы мен достары тосынсый жасады. Ал, бұл идеяның басты авторы Мәкеңнің өмірлік жары Дана екен, деп жазады актрисамен тілдескен Stan.kz тілшісі.

IMG-20170909-WA0000

«Мәкеңе біздің администратор Азамат Кореядан лауазымды адамдар сізбен жолығуға келеді. Сағат 18:00-де діттеген мекен-жайда болуымыз керек деп алдады. Ал, олар келгенше біздер мейрамханаға жиналып, бәрін толықтай ұйымдастырдық. Бетімізге Мәкеңнің суретін маска ретінде қолдандық. Ондай 30 сурет шығарып, 35 деген шарға тапсырыс бердік. Қайын әпкем тәтті тортын пісіріп берсе, өзге қыз-жігіттер дастарханға қоятын тамақтарды сатып алып, өзге де сыйлықтарын дайындап, бәрі бір үйдің баласындай ат салысты. Көліктерімізді мейрамханадан алыс жерге жасырып, біраз әбігер болдық.

IMG-20170909-WA0002

Бұған дейін өткен туған күндерінің бірінде ерекше сыйлық ретінде сыртына «Өнер қырандары» деп ағаштан ойылып жазылған күнделік сыйладым. Ал, ішіне біздің суреттерді жапсырып, тілегімді жазған едім. Жанұя болғасын түрлі жағдайлар болады. Бірақ, жақсы адам деген жамандығы мүлдем жоқ адам емес. Керісінше, жақсылығы басым адам. Бір-бірімізді бағалай білгенге не жетсін?! Мұндай тосын сый жасауым асып-тасып, байлығымды қайда шашарымды білмегеннен емес. Қу дүние қашан да жетпейді ғой. Кішкене болса да, көңілін көтеріп, күш-жігер беріп, алдағы кештерге шабыттандырайын деген ниет. Төрт баламның әкесі бұдан да жақсы, қымбат, бағалы сыйларға лайықты. Менің шамам жеткені осы болды. Және бұл басқа да қыз-келіншектерге үлгі болса деймін. Кез-келген әйел заты ерін бағалай білсе, құрмейттей білсе, отбасында тыныштық пен үйлесім болады деп сенемін», –  деп ағынан жарылды сұлу келіншек.

IMG-20170909-WA0001

Алайда, бұл тосын сыйдың бастамасы ғана болатын. Актриса келіншек туған күн иесіне арнап жыр – шумақтарын жазған. Мектеп кезінде ақындыққа таласы болған арудың қолына қалам алмағанына ұзақ жылдар болыпты.

IMG-20170909-WA0003

«Шынымды айтсам, студент кезден бастап өлең шығармайтын болдым. Бәлкім, өзімнен мықты ақындарды көрген соң шабытым жоғалған шығар. Алайда, Мәкеңге деген махаббатым мен ризашылығымды білдіруге арналған өлең жолдары өзінен өзі ағыла берді. Бірақ, болашақта ақын болып, біреудің нанын тартып жеуден аулақпын», – дейді Дана.

Бүгінде өнер мен отбасылық өмірде бірге жүрген жұлдызды жұп үш қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр. Отағасының бойындағы сабырлық, адамгершілік, жомарттық, имандылық бақытты келіншектің жоғары бағалайтын басты қасиеттері екен.

IMG-20170909-WA0015

«Мен Мәкеңдей ақкөңіл адамды көрмеппін. Ол тек өзінің қара басын ойлап кетпейтін адам. Қолындағы соңғы тиыны болса да, мұқтаж жандарға беруге дайын. «Өзімізге керек қой» десем «АЛЛА өзі жеткізеді» деп сабырға шақырады», – дейді Мадиярдың келіншегі.

Алайда, отағасы қанша сабырлы болса да, қисық қабырға кейде мінез көрсетіп, қабақ шытып қояды.

«Ұрыспаймыз десем өтірік болар. Кейде бір – бірімізді естімей, түсінбей қалатын кездер болады. Ондай сәттерде өкпе-ренішімді бетке айтып үйрендім. Төрт баламен бұртиып жүруге менде уақыт жоқ. Бәрін ашық айтып, мән-жайдың ақ-қарасын білуді жөн санаймын. Негізі барлық жас отбасыларға үндемей жүргенше, көңіліне кірбің түссе шай ішіп отырып, талқылауға кеңес беремін», – деп түйіндеді сөзін актриса.

IMG-20170909-WA0004

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Немере сүйіп отырған Бақыт Шадаева әлі де тұрмысқа шығудан үмітті екенін айтты

Қайрат Нұртастың бөлесі Ақерке Тəжібаева сүйіктісіне өзі бірінші болып қадам жасағанын айтты

Жұлдыз Өмірғали Айқынға ұл туып берді

Есірткі, ішімдік, казино: Зиянды әдетке бой алдырған танымал жұлдыздар (фото)

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр