Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ондай президент кімде бар?": Жұлдыз Әбдікәрімова бірнеше тілді білетін Тоқаевты көпке үлгі етті

Отандық актриса Жұлдыз Әбдікәрімова мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көп тіл білетінін айтып, мақтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Өнер иесінің жеке парақшасынан алынды

Өнер иесі Астанада өтіп жатқан ШЫҰ саммитіне келген дүниежүзінің басшыларын президенттің өзі қарсы алып жүргеніне тәнті болды. 

“Ондай президент кімде бар? Мәртебелі меймандарды ағылшынша, орысша, қытай тілінде, өзбек тілінде еркін сөйлеп, қарсы алып жатты", – деп жазды актриса. 



Сонымен қатар елдегі саяси іс-шара кезінде халыққа қолайсыздық тудырған кептеліс үшін қала тұрғындарын сабырға шақырды.  

“Жерде ғана емес, Астананың аспанында да кептеліс болды. Екі тікұшақ төбемізде тұрып алып, шыр көбелек айналып жүрді. Кептеліске бола ашуға бой алдырмай, мәдениет танытайық. Болашақ экономика, ғарыш, құрылыс, қауіпсіздік бағыттары талқыланып жатыр”, – деді отандық киножұлдыз. 

Еске салайық, өнер иесі жақында екі апта емделіп, ауруханадан шыққан еді. 

Талқылау