Он жылға сотталған экс-министр Бишімбаев бостандыққа шықты
Мемлекет қаржысын жымқырды деп айыпталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев бостандыққа шықты. Бұл ақпаратты ҚР ІІМ ҚАЖК-ның Шымкенттегі қылмыстық атқару-жүйесі департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шымкенттік ҚАЖД мәліметінше, Бишімбаев 11 қазанда бостандыққа шықты. Сот осындай шешім қабылдапты.
Сонымен қатар Telegram желісіндегі «Мудрый Бажа» арнасында Қуандық Бишімбаевтың бостандыққа шыққаннан кейінгі суреті жарияланды.
Еске сала кетсек, 2018 жылы наурыз айында 10 жылға бас бостандығынан айырылған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Леңгірдегі қауіпсіздігі жоғары мекемеде жазасын өтеп жатқан еді. Ол жазасын жұмсартуды сұрап, өзін қоныс колониясына ауыстыру туралы өтініш берген. Сот оны қауіпсіздігі төмен мекемеге ауыстырудан бас тартқан-ды.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар