"Он екі елі ішегі жыртылған": Қостанайда жасөспірімнің үстіне футбол қақпасы құлады
13 сәуір күні Қостанайда жасөспірімнің үстіне футбол қақпасы құлады деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Балалар ауруханасының меңгерушісі Игорь Белобржицкийдің айтуынша, бала ауыр жарақат алған, он екі елі ішегі жыртылған.
"Бұл – сипаты мен емдеу жағынан ең ауыр жарақаттардың бірі. Сонан соң көпеген асқыну болады. Бала жансақтау бөлімінде өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Операция жасалды. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақталды. Ем-шара жалғасады. Өз бетінше тыныс алу үшін баланы жасанды желдету аппаратынан шығаруды шешеміз", – деді Балалар ауруханасының меңгерушісі.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар