Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Өмірімнің бір парағы жабылды”: Жарқынай Ханайым жолдасымен бірге емес екенін айтты

Аша Матайдың жеңгесі Жарқынай Ханайым отбасылық жағдайынан хабардар етті. Актриса жолдасы Айдар Асқарбекпен бірге емес екенін жеткізді. 

Жарқынай Ханайым бұл туралы желідегі парақшасында жазды. 

"Біз бірге емеспіз. Енді Айдар қайда деп сұрамаңыздар. Айланам үшін рахмет айтамын. Осымен өмірімнің осы бір парағы жабылды. Барлықтарыңызға бақыт тілеймін. Менде бәрі жақсы болатынына сеніңіздер. Себебі мен енді жалғыз емеспін, Айланам бар. Әркім өз таңдауын жасады", – деп жазды Жарқынай Ханайым.



Желі қолданушылары жас жұбайлар үшін алаңдаушылық білдірді. 

“Не болып қалды? Ажырасып кеттіңіздер ме?”, “Ұрыстың шығар жолы ажырасу емес қой”, “Тағы да ажырасу”, “Мүмкін хайп шығар”, “Олардың ажырасқаны, қосылғаны қызық емес”, “Бүгін ұрысады, ертең татуласады, өмір ғой”, “Жеке өмірді неге елге жариялайды”, “Бірге болыңыздар”, – деп жазды желідегі оқырмандар.

Алайда актриса жазбасын парақшасынан өшіріп үлгерген.

Жарқынай Ханайым мен Айдар Асқарбек Рауза телесериалы арқылы көрерменге таныс. Өнер өкілдері фильмнен соң өмірде қол ұстасып, бас қосты. Ортақ бір қызы бар. 

Талқылау