"Өмір деген – жизнь": Қорғаныс министрі әскердегі әлімжеттік туралы айтты
Мәжіліс аясында Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қазақстан әскеріндегі әлімжеттік туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бейнежазбадан скриншот
Журналистер Жақсылықовтан жастар неге әскерде қызмет еткісі келмейтінін сұрады. Министр бұл олардың тәрбиесіне байланысты екенін айтты. ”Мүмкін, бұл Қарулы күштеріміздегі қарым-қатынас, суицидтер мен жанжалдарға байланысты шығар?” –деді журналист. Министр бұған әзіл қоса отырып, жауап берді.
"Өмір деген – жизнь. Өмірде бәрі болады. Бір нәрсе айтқым келеді, адамдармен жұмыс істейтінтіндердің өмірі толық сақтандырылмаған, қауіп болады. Бірақ Қарулы күштердің басшылығы жағымсыз жағдайларды жою үшін барлық шараны қабылдауда", – деді министр.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар