"Өмір бойы тегін ән айта бермейсің ғой": Серікбол Сайлаубек Алламен қарым-қатынасы мен тегін концерттер жайлы
Серікбол Сайлаубек осыған дейін ел аумағын аралап, ауыл-аудандарда 125 концерт бергенін айтады. Бірақ менің де бала-шағам өсіп келе жатыр, өмір бойы тегін ән айта бермейсің ғой дейді. Отандық әнші NS радиосындағы "Шулайық шоу" түнгі бағдарламасына берген сұхбатында осылай деді.

"Ел-елді, ауылдарды аралап осыған дейін 125 концерт бердім, бірақ енді өмір бойы тегін айта бермейсің ғой. Менің де бала-шағам өсіп келе жатыр, асырау керек, аяққа тұрғызу керек. Артымда тіреп тұрған ешкім жоқ. Талай концерт бердім, халықтың, үлкендердің батасын алдық", - дейді әнші.
Сонымен қатар тыңдармандардан намаз туралы келген сауалға ол жауап бермейтінін жеткізді.
"Намаз оқу деген ол жеке менің шаруам, Алла екеуміз арамыздағы нәрсе, сондықтан оны барша жұртқа жариялауды дұрыс деп есептемеймін", - деді ол.
"Сатқындық көп болды ма?" деген сұраққа әнші "Өте көп болды, бәрін бірақ кешіремін, бәлкім сондықтан да болар, жолым ашық" деп жауап берді.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”