Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өмір бойы өкінетін боласыздар": Жапониядағы ең қатігез саналатын якудза басшысы алғаш рет өлім жазасына кесілді

Жапонияның Фукуока қаласында сот "Кудо-кай" гангстерлік синдикаты, танымал якудза тобының жетекшісін өлім жазасына кесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме беріп.

74 жастағы Сатору Номура 2014 жылы Китакюсю қаласындағы балық аулау кооперативінің басшысын өлтірді, сондай-ақ үш адамға, оның ішінде бұрынғы полиция қызметкері мен медбикеге шабуыл жасады деген айыппен қамауға алынған еді. Алайда ол өз кінәсін мойындамаған. Оның қорғаушылары айыптаудағы дәлелдерді негізсіз деп атады. Олар сот шешіміне аппеляция бермек.

Сот Номураның адам өлтіруге тапсырыс берген, бермегеніне көбірек мән берген. Себебі оның өз бетінше адам өлтірген жайлы мәліметтер табылмаған. 

Сейсенбі күні сотта Сатору Номура былай деді: “Мен әділетті шешім шығаруды сұрадым. Өмір бойы өкінетін боласыздар”. 

BBC басылымының хабарлауынша, беделді якудза мүшесінің өлім жазасына кесілген мұндай оқиға бірінші рет орын алып отыр. Бұл бандаға қатысты қылмыстық іс 1998 жылдан 2014 жылға дейін жүрген. Осы уақыт ішінде балық кооперативінің басшысы атылып, үш адам зардап шегеді. Оның ішінде медбике мен бұрынғы полиция қызметкері. 

2021 жылы Кудо-кай қылмыстық тобы полиция қызметкерін өлтіреді. Сол уақытта банда бастықтары Номура бел мен аяғынан ауыр жарақат алып аман қалған екен. 

“Кудокай” – ресми түрде “өте қауіпті” мәртебесі берілген якудза тобы. 2014 жылы полициямен ойрандалмас бұрын, топта мыңдаған кәсіби гангстерлер 50-ге жуық шабуыл мен бопсалау әрекеттерін жасаған. Бұл Жапониядағы ең қауіпті әрі қатігез банда саналады. 



Якудза соғыстан кейін Жапониядағы қиын кездерде қалыптасты. Сонау жылдардан миллиард доллар табысы бар үлкен қылмыстық ұйым деңгейіне жеткен. Осылайша ұйым есірткіден жезөкшелікке, қызметкерлер арасындағы қылмыстарға дейін бақылауда ұстаған. 

Басқа да итальялық, қытайлық қылмыстық топтардан айырмашылығы – якудзалар заңсыз деп танылмаған, керісінше, олардың әрбір тобында өзінің штаб пәтері болған. 

Жапонияда қазіргі уақытта 100 ден аса адам өлім жазасын күтуде. Мемлекет өлім жазасын қолданатын әлемдегі дамыған елдердің саусақпен санарлық елдің бірі.

Талқылау