Өмір үшін күрес: Ракты жеңген жандар (фото)
Өмірде рак дертіне қарсы тұра алмағандар саны көп. Алайда қарсы күресіп, қатерлі дертті жеңген жандар баршылық. Олардың ішінде жас балалар да бар.
Науқастардың кейбіріне дәрігерлер өмір сүретін аз ғана уақыты қалғанын айтқан. Оларға аналық безінің қатерлі ісігі, бас ми ісігі, аққан ауруы т.б. диагноздар қойылған. Алайда науқастардың жігері жасыған жоқ.
«Ракка қарсы 4 рет күрес, 4 ота, 55 химиятерапия, 28 сәулелі терапия алған соң мен аман қалдым», – дейді науқастың бірі.
Екі суреттің уақыт айырмашылығы – 1 жыл.
Софи ракты 3 жыл бұрын жеңді. Қазір аман-сау күйде.
Дәрігерлер оның үш ай ғана өмір сүретінін айтқан еді.
«1999 жылы маған аққан дертінің 4-дәрежесі деген диагноз қойылған. Дәрігерлер менің өмір сүруіме 10 пайыз ғана үміт барын айтқан. Ата-анаммен келісіп тәжірибелі химиятерапия қабылдадық. Ол өз нәтижесін берді. Менің рактан жазылғаныма 14 жыл болды», – дейді ол.
Екі суреттің уақыт айырмашылығы – бірнеше ай ғана.
16 жасымда емханадан шықтым.
Химиятерапияның 14 курсын қабылдадым. 4 ота жасалды. Ұлым ракты жеңіп, денсаулығы жақсарып келеді. Бірінші сурет соңғы ота кезінде түсірілген. Екіншісі ота жасаған соң екі жылдан кейін түсірілді.
Ракты жеңген соң 8 жылдан кейін
«Менің ұлым Райан қатерлі дерттен жазылып, 13 айдан бері беті қарады».
«Маған 10 жасымда қатерлі ісік диагнозы қойылды. Қазір 14 жасамын. Денім сау. Бақыттымын».
«25 тамыз күні ракты жеңгеніме 3 жыл болады. Бұл сурет екі рет мастэктомия жасалған соң түсірілді».
Тағы да оқыңыз:
Рак дерті жұққан жүкті ана: Құрсағыма біткен сәбиім мені өлтіріп бара жатыр
Алматы облысының тұрғыны рак ауруын жеңіп шықты