Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда коронавирустың қандай штамдары жиі кездеседі

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният республика өңірлерінде қай штамдар жиі кездесетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Министр ақпан айында оң нәтижелі сынамаларды кезекті генотиптеу жұмысы аяқталғанын атап өтті.

"Елдің барлық өңірінде "омикрон" айналымы анықталды, ол жалпы зерттелген сынамалардың 72%-ін құрады", – дейді Ажар Ғиният. 

Айтуынша, "омикронмен" қатар "дельта" штамы да жиі кездеседі. Ол жалпы сынамалардың 25 процентін құраған. Қазіргі таңда "дельта" штамы 15 өңірде тіркеліп отыр.

Қалған штаммдар 3 пайызды құрайды.

Сондай-ақ денсаулық сақтау министрі елдегі эпидемиологиялық жағдайға тоқталды. 

"Қазақстанда коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды. Соңғы аптада аурудың орташа тәуліктік өсімі тәулігіне 1200 жағдайға дейін төмендеді. Бұл инфекцияның таралу коэффициентіне де әсер етті", - деді Ғиният үкімет отырысында.

Айтуынша, соңғы айда коронавирус жұқтырғандардың орташа тәуліктік саны 34 есе азайды. Стационарларда емделіп жатқан науқастар саны 2,3 есе, амбулаторияда емделушілер саны 5 есе азайды.

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстан "жасыл" аймақта тұр.

Екі өңір – Алматы қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысы "қызыл" аймақта орналасқан.

Екі өңір – Қостанай мен Павлодар облыстары "сары" аймақта. Қалған өңірлер "жасыл" аймақта.

Айта кетері, Қазақстанда британдық және оңтүстікафрикалық штамм 2021 жылғы 18 наурызда анықталды. Үнді штамы – былтыр маусымда, нигериялық штамм тамызда тіркелді.

Ал "омикрон" өткен жылы желтоқсанда табылды

Талқылау