Олжас Сүлейменов "Қазақстан халық конгресі" партиясының төрағасы болып сайланды
Алматыда "Қазақстан халық конгресі" жалпыұлттық қозғалысының съезі өтті. Ел аймақтарынан келген бастамашыл топтың мүшелері бағдарламалық құжаттар мен дамудың негізгі бағыттарын талқылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Съезге еліміздің әр өңірінен барлығы 1 500-ге жуық делегат келді.
Партия бағдарламасында экономика, экология, денсаулық мәселесі, сапалы білім беру бағыттары қамтылған. Олжас Сүлейменов бастаған белсенділер бар тәжірибе мен күш-қуатты азаматтық қоғамды біріктіруге бағыттайтындарын жеткізді.
Олжас Сүлейменов бірауыздан партия төрағасы болып сайланды.
Партия Жарғысының жобасы да бірауыздан мақұлданды.
Еске салайық, былтыр мамыр айында Олжас Сүлейменов "Қазақстан халық конгресі" партиясы қайта құрылатыны туралы айтқан болатын.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған