Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Олимпиада ойындарының 5 дүркін чемпионы қатерлі ісікке шалдыққанын айтты
Жүзуден әлемнің 5 дүркін чемпионы Натан Эдриан қатерлі ісікке шалдыққан, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы спортшы Instagram желісінде жазды.
Америкалық спортшының сөзінше, дәрігерлер оны бірнеше рет тескергеннен кейін, аталық ұрық безінің қатерлі ісігін анықтапты. Эдрианның сөзінше, қатерлі ісік ерте кезеңінде анықталған. Ол бүгінде ем-дом қабылдауды бастап кетіпті. Дәрігерлер жазылып кетуінен үміт бар екенін айтыпты.
«Алдағы аптада қайтадан суда жүзіп, Токиода өтетін Олимпиадаға дайындаламын», – дейді спортшы.
Эдриан – Олимпиада ойындарының 5 дүркін чемпионы. Ол 2008 жылы Бейжіңде, 2012 жылы Лондонда екі рет, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода екі рет алтын жүлдеге ие болған. Сонымен қатар ол Олимпиада ойындарында күміс және екі қола жүлдені де иеленген. Эдриан әлем чемпионатында 8 рет жеңіске жеткен-ді.
20 жастағы қазақстандық қызды бұрынғы жігіті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталды: Оқиғаның мән-жайы айтылды
Абай облысында жігіт қызға 12 рет пышақ сұғып, бірнеше рет басынан соққы жасаған
Бір оқушыға 150 мың теңге: 2026 жылы Қазақстанда баланы мектепке дайындау қанша болады
Мектепке дайындық: балаларға арналған киім кешектер мен жарақтардың бағасы қанша?