Олимпиада дау-дамайы: "Алматы дарыны" орталығының басшылары қызметінен босатылды
Алматыда мектеп оқушылары олимпиадасының әділетсіз өткенін айтқан ата-ананың шағымынан соң "Алматы дарыны" орталығының басшылары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматылық ата-ананың шағымына қалалық білім басқармасының басшысы тікелей жауап берді.
"Игорь Сабитовтың және қалалық олимпиадаға қатысты түскен басқа да өтініштерге сәйкес, қызметтік тергеу жүргізілді. Ол «Алматы дарыны» қалалық орталығы қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін дұрыс орындамауы фактілерін растады. Арнайы құрылған комиссия сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң бұзушылықтарды анықтаған жоқ. Алайда көптеген техникалық қателіктер болған. Осыған байланысты орталықтың басшысы мен орынбасары қызметінен босатылды", - деді басқарма басшысы Ләззат Жылқыбаева Facebook-те.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді