Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің әкесі көз жұмды
Бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің әкесі Жұманғали Дәуітұлы Сәпиев өмірден озды. Бұл туралы Ресей бокс федерациясы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Федерация Қазақстандағы танымал спорт қайраткеріне қайғырып көңіл айтты.
"Біз, бүкіл спорт қауымдастығы бұл хабарды естігеннен кейін абдырап қалдық. Осы қиын сәтте сізге қайғыра көңіл айтамыз. Әкеңіздің сіздерді тәрбиелеудегі мінезі мен ерік жігері Сәпиевтер отбасының басты құндылығы еді. Енді сол құндылықты сіз және бауырларыңыз ұрпағына жеткізетін болады", - делінген федерацияның хабарламасында.
Еске салайық, 2012 жылы боксшы Олимпиадада алтын жеңіп алды, ол сонымен қатар Вэл Баркер кубогының иегері. Әкесі жас кезінен бастап ұлының спортқа деген қызығушылығына қолдау көрсеткен.
19 жастағы Аяжан Еділова қалай қаза тапты: Бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген қылмыстың хронологиясы
Аяжан Еділова бар болғаны 19 жасында кісі қолынан қаза тапты
Бір көлік түрлі баға: Қытай көліктері басқа елдерде қанша тұрады
Қазақстанда қытайлық автомобиль брендтері арасында Changan, Chery, Haval, Jetour және Geely модельдері кеңінен таралған