"Олимп" букмекерлік кеңсесі енді бәс қабылдамайды
Букмекерлік "Олимп" кеңсесі енді бәс қабылдамайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы "Олимптің" ресми сайтында жарияланды.
"2020 жылдың 22 қаңтарынан бастап қазақстандық лицензиясы тоқтатылғандықтан Olimp.kz ендігәрі бәс қабылдамайды. Мұндай шешімге біз де қатты қаймығып отырмыз. Біз қазақстандық букмекерлік кеңсе болған едік, алдағы уақытта қызметіміз тоқтайды деп ойламадық", - деп жазыпты хабарламада.
Естеріңізге салсақ, "Олимп" букмекерлік кеңсесінің лицензиясы тоқтатылғаны жайлы айтылған еді. Дегенмен бұл жағдай кеңсе басшылығын алаңдатпаған секілді, себебі соның өзінде бәс қабылдаушы ұйым өз қызметтерін жалғастырып отырған. Заңсыз ойын бизнесімен айналысқан мекемеге 145 миллиард теңге төлеу міндеттелген.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"
"Терапевтке жазыла алмаймыз, УДЗ-ға үш ай кезек күтеміз": Қазақстандықтар МӘМС жүйесіндегі мәселелерді көтерді
Сания: "Ал ақылы түрде десең шұғыл-ақ қабылдайды"