Өліміне полицейді кінәлады: Қарағандыда өзіне қол салған әйелдің ісіне қатысты жаңа деректер белгілі болды
Қарағанды полицейлері өз-өзіне қол жұмсау туралы істі тергеп жатыр. 52 жастағы Татьяна Костыгина 16 қарашада өзін-өзі өлтіріп, өліміне полицейді кінәлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Татьяна Костыгина өлер алдындағы хатында полиция бөлімінің бұрынғы бастығы, ал қазір ІІМ академиясы бастығының орынбасары Ерлан Намысовтың қудалауына байланысты осындай қадамға барғанын жазған.
Марқұмға алаяқтық дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатқаны белгілі болды.
"Марқұмға және оның әпкесіне қатысты алаяқтық фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды, Қарағанды қаласының бірқатар тұрғындары жауапқа тартылуда, оларға жалпы сомасы 130 миллион теңгеге жуық материалдық зиян келген. Қазіргі уақытта лауазымды тұлғаға қатысты қызметтік тергеу басталды, оның нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданады", - деді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған