Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ақшаны өлім-жітімге жинадық": Шымкентте парамен ұсталған бір топ экс-полицейлер наразылыққа шықты

Шымкентте бір топ экс-полицейлер наразылық білдірді. Айтуларынша олар командирлеріне ақшаны қайғылы оқиға мен өлім-жітімге деп жинаған. Алайда антикор мен прокуратура оларды пара берді деп жаппай жұмыстан қуған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сурет сюжет кадрларынан

Шаһардағы екі бірдей ротаның қызметкерлері тергеудің әділ жүрмегеніне сенімді. 

“Бізде Серік дегеннің әкесі қайтыс болды. Оған ақша бергенмін. Одан кейін Сайрамдағы, балалар үйіне ақша жинағанбыз. Оған да бергем. Иә, одан бөлек, қолма-қол ақша да бергенмін. 4-ші ротаның қызметкерлері осы жерде тұр. Әлімханов Қайрат дегеннің баласы қайтыс болған. Оған да ақша жинадық, үлкен сомада. Одан кейін өзі де жол апатына түскен соң, әжептәуір ақша бергенбіз”, – деді ЖПП бұрынғы инспекторы Оразәлі Алтаев.

Алайда антикор мен прокуратура екі ротаның командирі мен 95 қызметкеріне жүргізілген тексеріс кезінде ақшаның өлім-жітімге емес, жүйелі түрде пара ретінде жиналғаны дәлелденгенін жеткізген. Нәтижесінде қос командир 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Ал 44 қызметкер жұмыстан қуылған. Олар қысым көрген соң амалсыз пара деп мойындағандарын айтады. 



“Әр кезекшілікке түскен кезде 5 мың теңгеден жиналған. Рота командиріне кезекшілікке түскені үшін. Өздерінің ішкі тәртіптері солай, заңсыз жинаған соң сотты боп отыр ғой. 2-3 күнге демалысқа шыққан кезде, әр демалысқа шыққаны үшін рота командирі 2 мың теңгеден жинап отырған. Ал айына командирский дегенге 10 мың теңге өткізген. Сөйтіп міндеттелген”, – деді Шымкент прокуратурасы басқарма прокурорының орынбасары Адай Құтымов.

Талқылау