Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Өлім жазасына кесу керек": Депутаттар әйелдер мен балалардың зорлығына қатысты пікір білдірді (видео)

Қазақстан парламенті сенатының депутаттары балаларды, әйелдерді зорлауға қатысты өз пікірін білдірді. Сенатор Мұрат Бақтиярұлы, зорлық үшін өлім жазасын беру керек деп санайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Еліміздегі зорлық мәселесіне қатысты пікір білдірген сенатор Айгүл Қапбарова қылмыстық жауаптылықты күшейту керек дейді. Сонымен қатар ол тараптардың мәмілеге келіп, жазаның жеңілдетілуіне рұқсат берілмеу керектігін айтты. 

«Біріншіден, қылмыстық жауаптылықты күшейту керек. Негізі, бізде барлық заңнама бар. сол заңнаманың орындалу мәселесі бөлек әңгіме. Себебі көп жағдайда екі тарап мәмілеге келіп, соңында қылмыстық жаза мерзімі азайып кетеді. Аналар мен балаларға келгенде, мұндай процесс жүрмеуі керек. Оған рұқсат бермеу керек деп ойлаймын», - дейді Қапбаров.

Ал сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлының пікірінше, балалар мен қыз-келіншектердің зорлығы үшін қылмыскерді өлім жазасына кесу керек. Өз сөзінде ол елімізде зорлық үшін берілетін жазаның жеңілдеу екенін атап өтті.

«Әйелдерді, әсіресе, жас балаларды зорлау, болмаса оларды ұрлау мәселелері ауыр қылмыстардың қатарына жататын әрекеттердің бірі. Сондықтан біздегі Қылмыстық кодекс бойынша, өкінішке орай, оларға берілетін қылмыстық жаза әлі де болса жеңілдеу. Былтыр, алдыңғы жылдары бір топ сенатор осы мәселені көтергенбіз. Ауыр қылмыстарға өлім жазасын беруді ұсындық. Алайда қолдау таппады. Сондықтан мен, парламент мүшесі ретінде, балаларға, әйелдерге, қыздарға жасалатын қылмыстарға өлім жазасын беру керек деп санаймын», - дейді Мұрат Бақтиярұлы. 

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Бас сүйек миы қатты зақымдалған": Дәрігерлер зардап шеккен адамдардың жағдайы қалай екенін айтып берді

ЖКО орнына жедел жәрдемнің 11 бригадасы және ҚР ІІМ ТЖК-нің бір бригадасы шықты

"Алдында 7 адамнан көп өлді": Шымалғанға жиылған жұрт шу шығарды (видео)

Тұрғындар 20 жылдан бері көпір салдыра алмай жүргенін айтты

Шымалғандағы ірі жол-көлік оқиғасы: Зардап шеккен әйел балаларымен жансақтау бөлімінде жатыр

Алматы полиция департаментінде көз жұмған автобус жүргізушісі туралы айтып берді

Шымалғанда теміржолдағы ірі жол апаты: Қаза болғандар туралы ақпарат жаңарды

Бұған дейін екі адамның көз жұмғаны туралы хабарланған еді

Шымалған станциясындағы ірі жол апаты: Пойыздың соғылу кезінде екі бала мен әйел зардап шекті (видео)

Жантүршігерлік жол апатына байланысты тергеу амалдары басталып кетті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы ірі жол апатына байланысты көңіл айтты

Шымалған станциясындағы теміржолда ірі апат орын алды

Шымалған станциясында пойыз автобусқа соғылды: Құрбан болғандар бар

Үлкен жылдамдықпен келе жатқан пойыз жолаушылар автобусына соғылған

Елордада бір жетіден бері 24 жастағы жігіт із-түзсіз жоғалып кетті

Соңғы рет оны адамдар Ұлы Дала мен Мәңгілік ел даңғылының қиылысында көріпті

УДЗ-ға түскен бойжеткен "шайтаннан аумайтын" сәбиін көріп, шошып кетті 

Экраннан баланың бір аунап, күлімдеп қарағанын көрген болашақ ана өз көзіне сенбеді

Бауыржан Байбек Алматы қаласының қадірлі азаматы атанды

Қаланың экс-әкімін оңтүстік астананың қазіргі басшысы Бақытжан Сағынтаев марапаттады
Çàãðóçêà...