Өлім көрсеткішін төмендететін препарат енді Қазақстанда қолдануда
Нұр-Сұлтанда коронавируспен ауыратын науқастардың арасында өлімді азайтатын дексаметазон дәрісі қолданылады. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бастығы Сәуле Қисықова мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Денсаулық сақтау министрлігі жанынан құрылған комиссия коронавирус инфекциясын емдеу туралы хаттамаға үнемі өзгертулер енгізіп отырады. Біз бекітілген протоколға сәйкес жұмыс істейміз. Дексаметазонның қабынуға қарсы препарат екеніне келер болсақ, иә, мұндай препарат бар. Оны емдеу барысында әріптестеріміз асқынулардың алдын алу үшін қолданады", - деді Нұр-Сұлтан қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бастығы Сәуле Қисықова ОКҚ-да өткен брифингте.
Бұған дейін Ұлыбритания ғалымдары дексаметазон препараты механикалық желдету құрылғыларына қосылған науқастардың арасындағы өлім қаупін азайтады деген қорытындыға келді. Препарат желдеткіштерге қосылған адамдардың арасындағы өлім қаупін үштен бірге, ал оттегіге мұқтаж адамдар арасында бестен бірге азайтты.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жүргізіп жатқан тәжірибелердің нәтижесін "керемет жаңалық" деп айтты.
"Бұл COVID-19 жұқтырған науқастардың арасында оттегінің жетіспеушілігінен емделіп жатқандар мен өкпені жасанды желдету құрылғысына қосылған адамдардың арасында өлім-жітімді бәсеңдеткен алғашқы дәрі", - деді ДДСҰ-ның бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус.

"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ыншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
