Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Өлгеннен кейін сүйегімді итке сүйреп таста": Тұңғышбай Жаманқұлов мерейтойын тойламағаны туралы

Тұңғышбай Жаманқұлов мерейтойын тойламағаны туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасап.

Белгілі актер Тұңғышбай Жаманқұловтың абыройына дақ түсіп, бірнеше рет айыпталған болатын. Алайда, бұл актердің өнерге қайта қадам басуына жасалған қастандық болды. Бүгінде талай басты рөлді ойнаған өнер иесі көрермендерден қашық кеткен. Тіпті Жаманқұловқа жанында жүрген әріптестері де қолдау көрсетпеген сыңайлы. 70 алқымдаған өнер иесі мерейтойын қалай өткізгенін айтып ашынды.

"Мен оған өкінбеймін. Өкпе қалды. Өйткені өмірдің бәрі тойлаудан тұрмайды. Ол бір қалыптан екінші қалыпқа көшу ғой. Егер мен жайлы ойланбайтын болса, мен зорлап ойлаттырмайтын жынды мінезім бар. "Сыйласаң сый кісімін, сыйламасаң бір кісімін" деген соғыс көрген Қадыр деген әкемнің мақалы бар еді. "Мен өлгеннен кейін сүйегімді итке сүйреп тастаңдар" дейтін. Тірі кезімде сыйла деген сөзі ғой. Сондай мінез менде де бар. Міндет те қылмаймын. Біліп жатса рахмет, білмесе оған да рахмет. Бірақ басқарып отырған жігіттерде пәтік болмады. Олар көлеңкесінен қорықты", - дейді Тұңғышбай Жаманқұлов.

Шартты түрде сотталған Тұңғышбай Жаманқұлов қалай өмір сүріп жатыр? >>>

Мерейтойы тойланбай, ескерусіз қалған, қазақ киносы мен театрына еңбегі сіңген актердің өкпесі де жоқ емес. Алайда 70 жасқа толған кезде бірнеше адамның құттықтағанын жасырмады ол. Өнерге еңбегі сіңен қайраткер жасаған ісім бағаланбады деп өкінді.

"Менің 70 жас мерейтойым тойланған жоқ. Үкімет жағынан назар болмады. Бірақ, Қасым-Жомарт Кемелұлы, Дариға Нұрсұлтанқызы, Бердібек Сапарбаев телеграма жіберіп құттықтады. Бірақ, осынша өнерге еңбек етіп жүріп 30-40 таяу киноға түсіп, театрда  70-тен астам басты рөл ойнап, Абылайханды, Жәңгірді, Жәнібекті, Оразмергенді дүниеге әкелген ағамыздың жарқырап жатқан жолы бар екен деп тойлау болған жоқ", - дейді Тұңғышбай Жаманқұлов.

Пікір қалдыру үшін сізге сайтқа кіру керек
Талқылау
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда колония мен түрме қызметкерлерінің жалақысы артады

Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері (БМЖ) жалақыны көтеруді жоспарлап отыр

«Аралтұз» АҚ тұз құрамында әйнек жүр деген ақпаратқа жауап берді

Желіде тұз құрамында әйнек бары айтылған аудио-видео тарады

"Сап-сау еді": Маса шаққан ер адам 9 күннің ішінде көз жұмды

Ол маса шаққаннан кейін сирек кездесетін ауруды жұқтырған

Тәртіпті көп бұзады: Қазақстанда полиция сержанттарының қызметіне өзгеріс енгізіледі

Сержанттардың тәртіпті көп бұзатыны анықталды

ТҚЖБ басшысы: Атаулы әлеуметтік көмек арқылы несиені жабуға ешкім жол бермейді

Ләззат Ибрагимова АӘК мен әлеуметтік жәрдемақылардың кіріс деп саналмайтынын айтты

"Біреудің пешін жағып, еденде ұйықтаған": Қанат Ислам көпбалалы анаға елордадан екі бөлмелі пәтер алып берді (видео)

8 балалы ана бұған дейін өзгенің отын жағып, үйін тазалап күнелтіпті

"Қатын болып жүрген жеріңнен адам қылдым": "Шімән апа" танымал тележүргізушіні әшкереледі

Ерболат Төлеген: Халық кімнің кім екенін білу керек

Алматыда жол опырылып, көлік ішіне түсіп кетті

Куәгерлер оқиғаның суреттерін бөлісті

Күн салқындап, жаңбыр жауады: Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Мамандар 20-22 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жасады

"Бәріне үй бере алмаймыз": Вице-министр көпбалалы аналарға ескерту айтты

Қайырбек Өскенбаев: Мен де, министр де бірден аналардың бәріне үй бере алмайды
Çàãðóçêà...