"Өлемін деп ойладым": Криштиану Роналдудың диетасын ұстап көрген футболшы жүгіре алмай қалғанын айтты
Бразилияның "Палмейрас" клубының жартылай қорғаушысы, 22 жастағы Габриэль Менино футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың диетасын ұстап көргенін мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Менино өз салмағы жақсы болғанын айтады. Алайда өзгергісі келген футболшы Роналдудың диетасын ұстап көруге бел байлаған.
"Диета ұстаған соң келесі күні менің позициямда ойнаған екі ойыншы да жарақат алды. Алаңға кім шығуы керек? Мен! Диета мынандай еді: таңертең жұмыртқа мен тағамдық қоспалар. Жаттығу алдында тағы да түрлі қоспалар ішу керек. Түскі асқа балық пен салат. Түстен кейін тағы қоспалар. Кешкі асқа балық пен салат. Ұйықтар алдында тағы да тағамдық қоспа", – дейді ол.
Жаттығу кезінде Габриэль Менино мүлдем жүгіре алмай қалғанын айтады.
"Өлемін деп ойладым. Бес минут ойнаған соң жүгіре алмадым. Оның бұл диетаны қалай ұстайтынын білмеймін", – деп қосты Менино.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі

