"Олармен өмір сүру қорқынышты". Атыраулық оқушы желі қолданушыларын өзінің ата-анасынан қорғауды өтінді
Атырау облысындағы мектеп оқушысы өзін агрессивті ата-анасынан қорғауды сұрап видео түсірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Қыздың Instagram-дағы парақшасында әкесі оны жуылмаған ыдыс-аяқ үшін ұрған видео пайда болды.
"Көмектесіңіздерші, өтінемін. Олармен бір шаңырақ астында өмір сүру күн өткен сайын қорқынышты болып келеді. Мен бірнеше жылдан бері қысымға төзіп келемін. Мен ғана емес. Мен мұны жариялап дұрыс істеп жатырмын ба білмеймін, бірақ ертең және қазір маған болатынын білмеймін", - деп жазды қыз.
Кадрдан қыздың әкесіне видеоны желіге жариялайтынын ескерткенін естуге болады.
Кейінірек қыз тағы бір жазба шығарды, онда ол ата-анасының реакциясынан қорқатындықтан, оқиғаны ушықтырып жібермеуді сұрайды.
Полицияда істі бақылауға алғанын мәлім етті.
"Атырау облысы полиция департаменті әлеуметтік желілердегі мониторинг барысында ер адамның (әкенің) ұрысып, кәмелетке толмаған қызына әдепсіз сөздермен сөйлеген бейнежазбаны анықтады.
Факті бойынша Қазақстан Қылмыстық Кодексінің 140-бабы "кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметінде.