Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Оларға айыппұл да сала алмаймыз": Алматы қаласының әкімі курьерлер қозғалысы туралы айтты

Алматы әкімі Ерболат Досаев шаһардағы курьерлердің скутер және мопедтермен жүру қозғалысын реттеу мәселесін көтерді. Айтуынша, бүгінде оларға жол ережесін сақтайтын нақты заң қарастырылмаған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қала әкіміне Наурызбай ауданының тұрғыны шағым айтты. Айтуынша, 16-18 жастағы азық-түлік жеткізушілері жол ережесін сақтамайды және оларды ешкім тексермейді екен.

Ерболат Досаев бұл сауалға еліміздің жол ережесінде әзірге оларға арналған арнайы ережелердің жоқтығын түсіндірді. Сол себептен оларға тіпті айыппұл да салынбайды екен.

"Ішкі істер министрлігі заң жобасын енгізіп, қарастыруда. Оған сәйкес, көлемі 50 текше сантиметрден аспайтын электрлік мотороллер мен мопедтер көлік болып есептелмек. Дәл қазір олар көлік ретінде саналмағандықтан, велосипед сияқты жүруде. Бірақ тіпті велосипедтер қозғалысының өзі біркелкі”, – деді әкім.

Досаев заң қолданысқа шықпайынша жол полициясы құқықтар мен жүргізу ережелерін талап ете алмайтынын тілге тиек етті.

“Курерьлер жолақтан жолға шығып, тіпті бағдаршамның қызылынан өтіп кетеді. Оларға айыппұл салуға да шамамыз келмейді. Әзірге кезіккендерге ұрысып, кеңес айтып жібердік", – деп қосты әкім.

Талқылау