Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Біздің кемшілігіміз! Біздің әрекетсіздігіміз»: Павлодарда 7 жасар Милананың өлімінен кейін әкім орынбасары құзырлы орган өкілдерін сынға алды

Павлодар облысында 7 жасар Милана Давыдованың өлімі бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Время басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Милана Давыдова тұрған үйді тексергендер үйдің жағдайы кейбір қоралардан да нашар екенін айтты. Сондағы балалардың тіпті үй тапсырмасын орындайтын үстелі болмаған. Алайда мұғалімдер де, ауыл фельдшері де, учаскелік инспектор да, ауыл тұрғындары да мұны байқамаса керек. Сондай-ақ олардың отбасы қамтылғандар қатарында болған

Облыстық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия отырысында егер мұның бәрі бірден байқалса, өлімнің алдын алуға болар еді деген пікір айтылды. Павлодар облыстық әкімінің орынбасары Айзада Құрманова жағдайға түсініктеме берді.

"Өкінішке қарай, шенеуніктердің қателігі Милананың өліміне әкелді. Бұл – біздің кінәміз! Біздің әрекетсіздігімізден осындай жағдай орын алды!”, – деді ол.

Давыдовтар отбасының отанасы осыдан 7 жыл бұрын үнемі ішімдік ішуіне байланысты екібастұздық полицияда есепте тұрған. Тіпті ата-ана міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін ескерту берілген. Одан кейін отбасы Бесқауға ауылына көшкен. Анасы ішімдіктен бас тартпаса да, мұнда ол есепте болмады, отбасы толық қамтылған ретінде қарастырылды.

Облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі ювеналды полициясының аға инспекторы Бибігүл Қамзина салғырттыққа жол берген әрбір адамның жауапкершілігін анықтау мақсатында ішкі аудит басталғанын хабарлады.

“Мемлекеттік органдармен байланыспайтын отбасы жоқ. Мектеп те, фельдшер де, ауыл әкімі де, учаскелік инспектор да... Бұл отбасының мәселесін ешкім айтқан жоқ! Барлығы үнсіз қалды! Ал бұл үнсіздік, енжарлық, кемшіліктер кішкентай қыздың өмірін қиды!” – деді Құрманова.

Милана оқыған мектепте 17 мұғалімге 51 баладан келеді. Олардың айтуынша, Милана ағасымен бірге спорт секциясын қалт жібермей, сабаққа үнемі қатысып жүрген.

"Ол үйіне қайтпас үшін мектептен қалмай, спорттық жаттығуларды жібермей қатысқан. Осыған қарамастан оның отбасын қамтылған, жақсы деп бағалапты”, – деді әкімнің орынбасары.

Дәрігерлердің атйтуынша, отбасындағы балалардың барлығы сау болып өсті, ешкім медициналық көмекке жүгінбедген. Анасы тегін өтуге құқығы бар барлық скринингтерден саналы түрде өткені белгілі болды. Алайда оның ішімдікке тәуелділігін ешкім байқамаған болса керек. 

Бесқауға ауылында небәрі 75 отбасы бар. Бес адамнан тұратын отбасы әлеуметтік көмек алмағанын, түгел бір отбасы малшының айлығына күн көріп, өмір сүргенін әкім де байқамаған тәрізді.

Облыстық мәслихат депутаты Сандуғаш Қалижанова Милананың әкесі жұмыс істейтін шаруа қожалығын тексеруді сұрады

“Қожалық иесі марқұмның әкесіне жалақысын төлеген бе? Еңбекақысын қалай берген? Себебі олардың үйінен көпшілігінің қорасы жақсырақ. Адам өмір сүретіндей жағдай жасалмаған. Балалардың үстелі де, ойыншықтары да, кітаптары да жоқ", – деді депутат.

Милананың нағашылары да үйдің жағдайына таңғалды. Өйткені олар көптеген жиһаздарды, түрлі заттарды Бесқауғаға олардың үйіне жіберген, алайда үйде олардың бірі қалмаған.

Екібастұзда Павлодар облысының әкімі Асайн Байханов та шұғыл жиын өткізді. Қоянда ауылдық округінің әкімі мен Екібастұз қаласының әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы қызметтерінен босатылды. Екібастұз қаласының әкімі Аян Басекин, облыстық білім және халықты әлеуметтік қорғау басқармаларының басшылары Самал Айтқазина мен Альмира Дисюпова, сондай-ақ облыстың әлеуметтік саласын қадағалайтын маман Айзада Құрманова сөгіс алды.

Әкім де, оның әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары да аса қамтылмаған отбасының балаларын анықтау тәсілдерін өзгерту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді. Екібастұзда осыдан соң бірнеше күн бойы жалдамалы пәтерден төрт аш баланы тапты.

Еске салайық, бұған дейін Екібастұз қаласында 7 жасар Милананы өлтірді деген күдікпен туған анасы мен оның танысы қамауға алынған еді. Бұл жағдайдан кейін Павлодар облысында бірнеше шенеунікке қатаң сөгіс жарияланды. 

Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың айтуынша, шенеуніктер дұрыс жұмыс істесе, бұл сұмдықтың алдын алуға болар еді. Аталған отбасы бұрыннан жағдайы нашар ретінде есепте тұрғанымен, соңғы алты жылдан бері назардан тыс қалған. Анасы араққа салынған, үйде тіпті тамақ ішетін үстел де болмапты, бірақ олардың жағдайын білген бір шенеунік жоқ дейді. 

Талқылау