"Олардың арасында ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар да бар": Зәкиева Қарағандыдағы балалардың улануына қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Қарағанды облыстық мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болған жаппай улануға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Өкінішке орай, бір бала қайтыс болды. Ата-анасына көңіл айтамын. Алты бала ауыр халде жансақтау бөлімінде, жеті бала облыстық клиникалық ауруханада жатыр. Олардың арасында жетім балалар да бар. Қазір бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, комиссия құрылды. Улану себептерін анықтау жұмыстары жүргізілуде", – деп жазды Зәкиева Instagram парақшасында.
Ол Бас прокуратура балаларға медициналық-әлеуметтік қызмет көрсететін барлық 84 мекемеде кешенді тексеру жүргізетінін жеткізді. Оның 20-сында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрады.
"Күзде аймақтарға баратын сапарымда барлық балалар мекемелерін тексеруді жоспарлап отырмын", – деді омбудсмен.
Зәкиева басқа да бірқатар мәселені шешу қажеттігін қосты, соның ішінде:
- мамандарды даярлау сапасын, олардың деңгейін ескеру;
- олардың жалақысын арттыруды қарастыру;
- балалар тағамының нормаларын қайта қарау және талаптарды күшейту.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"