Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Оларды мәжбүрлеген": Алматыда қару таратқан жігіттердің ата-аналары олардың кінәсіздігін мәлімдеді

Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде автоматтар мен мылтықтар таратқан 19 жасар Азаматтың анасы КТК арнасына оқиғаның мән-жайын өз нұсқасында айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентттігі.

Азаматты бір ай бұрын қару-жарақ дүкенінен әкелінген арсеналды үшін тұтқындаған. Оның туыстары жігіттің кінәсіздігін растайды. Сол күні Азамат достарымен кездесуге бара жатқан жолда белгісіз ер адамдар кезігіп оны қарумен қорқытып, айтқандарын істеуге мәжбүрлеген. 

“Олар газға қарсы маскада болған және суық қаруланған. Көлік рөліндегі Азаматқа қайда бару керектігін көрсетіп, ұрып-соғып, бопсалаған. Егер бізбен бармасаң өлтіреміз деп мәжбүрлеген”,-деді күдіктінің анасы Жанар Мақарова. 

Бұған дейін Азамат Мұратұлы өзінің кінәсіздігін “Хабар”арнасындағы қаңтар оқиғасына арналған деректі фильімінде мәлімдеген.

“5 қаңтарда қару-жарақ дүкенінен қаруларды алып Алматы алаңына әкелуге бір топ адам мәжбүрледі. Олар тіпті біздің қимылымызды бақылайтын бірнеше адам қалдырып, қару-жарақты тиетіп, алаңға шығаруымызды тапсырды. Біздің алдымызда арнайы көліктер болды”,-деді тұтқын.

Айтылған айғақтар әлі анықталуда. Кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдардың мәжбүрлі түрде митингке қатысу фактісінің болғаны жалған емес. Мысалы “Көк Төбе” мұнарасын басып алу операциясы кезінде бандаға қосылуға бейбіт тұрғындарды мәжбүрлеген. Бас тартқандарға оқ атылған.

Бүгінде 700-ден астам адам қамауда отыр. Оның 113-не сот шешімі шыққан.

Талқылау