"Ол - ғашық бала": Ақтөбеде 15 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскен жасөспірімнің анасы араша сұрады
Ақтөбеде 15 жасар құрбысымен жақын қарым-қатынаста болған жасөспірімнің анасы президенттен көмек сұрайды. Әйел баласы ең болмағанда шартты түрде жазаланғанын қалайды. Ол ұлының қылмыскер емес, сезімінің құрбаны болғанын дәлелдеуге тырысады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентті "КТК" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Мен ана ретінде, әрине, ең жеңіл жазаны күттім - бұл шартты жаза. Мен оны екі-үш жылға шартты түрде үйге жібереді деп ойладым. Оларда таза махаббат болды, басқа ештеңе жоқ. Оның зорлау туралы ойы болған емес. Бұл оның сүйікті қызы. Менің ұлым педофил емес! Ол жай ғана ғашық бала", - деді сотталушының анасы Анара Қошанова.
Айта кетейік, 17 жастағы жігіт пен 15 жастағы қыз бір-біріне ғашып болып, қарым-қатынас құрған. Екі жақты келісіммен жыныстық қатынасқа түскен.
Шілде айында олар бірінші рет үйден қашып кетті. Олар үйге қайтарылғанымен, екінші рет те қашып кетті. Қыздың анасы сот-медициналық сараптама жасауды талап етті. 16 қыркүйекте жігіт "он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы басқа да әрекет жасау" бабы бойынша қылмыс жасады деген күдікпен қамауға алынды.
Колледж студенті қыркүйектен бері тергеуде болған. 24 қарашада оған қатысты үкім шықты. Сот жасөспірімді 3 жылға бас бостандығынан айырды.