"Ол сізге ештеңе жасамағанша тиіспейміз": Айжан Байзақова өзін жақсы көретін 50 жастағы еркек туралы
Айжан Байзақова өзін жақсы көретін 50 жастағы еркек туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Digistan бағдарламасына сілтеме жасап.

"Анам үйде жалғыз болған кезде 50 жастағы орыс еркек есікті тоқылдатып, анама "Мен Айжанды қатты жақсы көремін, ол қайда?" депті. Анам жүкті, күйеуім бар екенін айтса да қоймай қойыпты. Анам түнде қайтса да, есіктің алдында күтіп тұрады", - дейді Айжан Байзақова.
Белгісіз еркектен қорқып, арыз жазуды ойға алған Байзақованы құқық қорғау органдары қайтарып жіберген. Егер адам саған ештеңе жасамаса, оны ұстай алмаймыз деген көрінеді олар.
"Негізінде қорқынышты болғанымен, адал адам сияқты. Тек денсаулығында ақауы бар шығар. Мен жүрген жерде мені іздеп жүреді. Үстінен арыз жазбақшы да болдым. Бірақ маған "Ол сізге ештеңе жасамағанша тиіспейміз" деді", - дейді Айжан Базақова.
Қазақстанда 2026 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар қалай өзгереді?