"Ол маған қарамай кеткен еді": Дастан Оразбековтың алғашқы махаббаты студияға келді
Дастан Оразбековтың бала күнгі махаббаты, алғашқы махаббаты студияға келді. Әнші алғашқы махаббаты баянсыз болғанын айтады. Айтуынша, алғашқы жауапсыз махаббаты өзінің сыныптасы екен.
"Менің ең алғашқы махаббатым Мадина Шарипова. Қателеспесем 6-7 сыныптар еді. Ол қызға 3 жыл ақша жинап 35 сомға сырға сатып алғанымда, ол оны қабылдамай қойды. Себебі ол кісінің таңдауы басқа адам еді".
"Ең алғашқы" бағдарламасының ұжымы тосын сый әзірлеп, әншінің алғашқы махаббаты болған Мадина Шарипова есімді аруды студияға шақыртып Дастан Оразбековты таң қалдырды.
"Менің Дастанның маған сырға берген сәті есімде жоқ. Он мүлде ұмытып қалыппын. Қыздар анкета толтырушы еді ғой. Сол жерде қыздар өзіне ұнайтын жігіттердің есімін жазатын. Бір күні Дастан соны оқып маған қатты ашуланды. Мен оған дейін оның маған сезімі барын білмейді екенмін. Ол өзі тұйық бала болды. Сезімін айта бермейтін. Сондықтан өзі кінәлі. Бір есімде, ол сабақта бас бармағын сорып отыратын. Үлкейгенше солай болды", - деп күлді Мадина.
Мадина Шарипова студияға балалық кездегі фотоларын әкеп, ыстық естеліктерін күліп еске алды.
"Өнер адамы болып, елдің назарында жүргендіктен, әрине, жанкүйерлеріміз көп болды. "Орда" тобының дүркіреп тұрған жылдарында маған бейтаныс арулардан өте көп хаттар мен ұсыныстар келетін. "Өзіңізден ұлды болғым келеді", - деп ашық жазатын. Бірақ жаратқан адамдықтан аттатпады әйтеуір. Шүкір, қазір мен нық сеніммен ешқандай белгісіз жаннан балам жоқ деп айта аламын", - деп Дастан Оразбеков ел арасында тарап кеткен қауесетке нүкте қойды.