Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ол бізге көмектесетін болды: Алексей Цой шымкенттік дәрігер Айна Бакеевамен сөйлесті

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустан емдеу дұрыс жүріп жатқан жоқ деп жар салған шымкенттік дәрігер Айна Бакеевамен сөйлесті. Бұл туралы министр онлайн брифинг барысында айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұған дейін реабилитолог Айна Бакеева Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейне хабарлама жазған болатын. Ол коронавируспен ауыратын науқастарды емдеу хаттамасын қайта қарауды өтінді. Бейнежазбаны қазақстандықтар жедел хабар алмасу арқылы жібере бастады. Кейін денсаулық сақтау министрлігінің басшысы видеоға түсініктеме берді.


"Мен онымен байланыса алдым. Біз қырық минуттай сөйлестік. Мен басты проблема мен дәрігердің айтқанын түсіндім. Ол бізде әлеуметтік желілерде, тіпті медицина қызметкерлері арасында да, пациенттерімізде де ұсынылатын емдеу стандарттары көп деп қорқады. Халық өз беттерімен дәрі алып, емделіп жатыр, олар желіде тараған дұрыс емес емдеу жүйесін қолдануда дейді Айна. Біз ол кісіге министрлік сарапшылары растаған нақты ресми ұсыныстар дайындалып, ресми сайттарда орналастыратынын, әлеуметтік желілерде де дұрыс ақпарат тарайды деп уәде бердік. Ол бізге көмектеседі" , - деді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Талқылау