Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оқушылардың демалысын қысқарту олардың денсаулығына қалай әсер етеді? Министрлік жауап берді

Денсаулық сақтау вице-министрі мектептерде оқу жылының бір аптаға ұзартылуы оқушылардың денсаулығына әсер етпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

оқушы

"Оқу жылының 25 мамырдан 31 мамырға дейін бір аптаға ұзартылуының эпидемиология тұрғысынан үлкен мәні жоқ. Себебі біздің оқу жылын ұзарту немесе қысқартуымыз, ең алдымен, өткір респираторлық вирустық инфекция таралуының алдын алуға бағытталған. Өйткені ОРВИ маусымы кезінде балалардың жетпіс пайызы ауырады. Ал мамыр айы – ЖРВИ маусымы емес, бұл – маусымаралық кезең", – деді Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін оқу-ағарту министрлігі оқу жылын 31 мамырға дейін ұзартуды ұсынған болатын. Өзгерістер жазғы демалысқа әсер етпейді, яғни балалар 1 маусым мен 1 қыркүйек аралығында демалады.

Талқылау